A place where you need to follow for what happening in world cup

«Өңірлік бағдарламаның өз деңгейінде жүзеге  асырылуы фракция мүшелерінің басты назарында»  

6 179

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша сайлауалды бағдарламаларының негізінде 2025 жылға дейінгі өңірлерді даму бағдарламасы бекітілді. Партияішілік іріктеу, Қазақстан Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депуттатарының сайлауы кандидаттар мен сайлаушылардың кездесуінде көтерілген кейбір мәселелерді шешудің тетіктері қарастырылған өңірлерді дамытудың 5 жылдық бағдарламасы облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясында қабылданды. Бағдарламаның өз деңгейінде жүзеге асырылуы облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының басты назарында, – дейді  облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Мұқаш Ескендіров.

Мұқаш Зұлқарнайұлының айтуынша, өңірлік бағдарламаның қабылдануы «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде берген уәделерін орындауға кірісе бастағанын көрсетеді. Ал бағдарламаны іске асырудан күтілетін басты нәтиже өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын 2 есеге дейін жақсарту болмақ.

– Бағдарлама толықтай іске асырылса облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінде оң өсім қалыптасады. «Қазфосфат» сынды үлкен кәсіпорынның жетекшісі ретінде мен өңірлік дамыту бағдарламасының өндіріс саласына серпін берудегі мүмкіндіктерін атап өткім келеді. Өздеріңізге мәлім коронавирустық инфекцияның таралуы әлемнің еңбек нарығына едәуір өзгерістер енгізіп, жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті әлсіреді. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыздан 4,9 пайызға артты.

Осы орайда өңірлік дамыту бағдарламасына сай өнеркәсіп саласын дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады. Алдағы 5 жылда аталған бағдарлама арқылы 19 инвестициялық жоба  іске асырылады.   2025 жылы сары фосфор өндірісінің көлемін 110 мың тоннаға дейін, минералды тыңайтқыштарды 220 мың тоннаға дейін ұлғаймақ. Портландцемент экспортын 1,3 мың тоннаға дейін, натрий цианидінің 6 мың тоннаға дейін өсуі есебінен өңірдің шикізаттық емес экспортын 1,2 есеге өсетін болады.

Өндіріс орындарын дамыту, олардағы өнімділік көлемін ұлғайту, экспорттқ әлеуетін арттыру мақсатында қабылданған шаралар нәтижесінде облыста 5 жыл ішінде шамамен 84 мың жаңа жұмыс орындары құрылады. Ал жаңа жұмыс орындарын құру түрлі форматтағы кездесулерде халық тарапынан көтерілген ең өзекті мәселе саналады, – дейді Мұқаш Зұлқарнайұлы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.