A place where you need to follow for what happening in world cup

Қызметтік иттердің қатары артуда

368

Қазақстан ішкі істер министрлігін қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне бағынысты мекемелерде жұмыс істеу үшін қызметтік иттерді дайындап келе жатқанына 20 жылға жуық уақыт өтті. Қазірге дейін олар түзеу мекемелеріндегі қатаң тәртіпті қалтқысыз ұстап тұруға үлкен үлесін қосып келеді.
Ғалымдардың айтуынша, тәртіп сақшыларының жұмысында ешқандай заманауи технология мен гаджет иттің иіс сезу қабілетін алмастыра алмайды. Себебі иттің миллиондаған иісті ажырата алатыны дәлелденген.
Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде де кинология қызметін дамытуға баса назар аударылған. Соның бір дәлелі – жуырда департаментке бағынысты №67 мекемеге тағы бір қызметтік ит жеткізілді. Алдағы уақытта тәртіп сақшыларының төрт аяқты көмекшісі мекемедегі қауіпсіздікті қоритын болады.Мекемеде жерде итке арналған барлық жағдай жасалған, тұрақты түрде тамақ беріліп, жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсетіледі.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің режим және күзет бөлімі бастығының орынбасары, әділет капитаны Д.Кадиров

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.