A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайлықтарды карантин талаптарын бұзбауға шақырды

156

Ауданда коронавирус пандемиясының таралуының алдын алу, карантин режимі талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында төтенше жағдай бойынша аудандық штаб төрағасының орынбасары Б.Жамангозов аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және полиция қызметкерлерімен бірлесе рейд жұмыстарын күн сайын жүргізуде. Нәтижесінде бүгінде қоғамдық көпшілік орындарда аудан тұрғындарының медициналық бетперделермен жүргендігін және сауда орындарында санитарлық талаптардың сақталғандығын байқауға болады. Дегенмен, сақтық шараларын толық орындамай, талапқа көнбеген сауда орындары да баршылық. Бүгін осындай кәсіпкерлерді анықтау және аудан тұрғындарына карантин режиімін сақтауды ұғындыруды мақсат еткен мобильдік топ мүшелері «Бауырхан», «Үсен ұлы» базарлары мен базар маңындағы сауда орындарына тексеру жұмыстарын жүрізіп, ескертулер жасады. Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар барысында тұрғындарға төтенше жағдай режиміндегі шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғанын ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Күнделікті рейд жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан кей тұрғындардың бұл талаптарға селқос қарайтындығы анықталып, бірқатар азаматтарға айыппұл салынды. Осы орайда, аудан тұрғындарын төтенше жағдай режимін бұзбай, карантин талаптарын орындауға шақырамыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.