A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайда құрбан айтта дәрігерлер ұмыт қалмады

156

Биыл елімізде құрбан айт мерекесі Ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келді.
Облыс аумағында Құрбан айт күндері қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуын, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық талаптарға сәйкес өтілуін қамтамасыз ету мақсатында құрбандық шалу рәсімі «Qurban2020.kz» сайтына тапсырыс беру арқылы арнайы қасапханаларда іске асырылды.
Қордай ауданында Қордай-Шу тас жолы бойындағы Барыс-ll базары және Қордай-Алматы тас жолы бойындағы «Первомайские деликатесы» ЖШС-ның арнайы мал сою алаңдары таңдалып алынды.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мешіт имамдары тарапынан көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тізімі жасақталып, құрбандыққа шалынған малдың еттері мен қайырымдылық көмектер көрсетілді.
Атап айтсақ, аудандық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері бірігіп, карантин жағдайында аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге (санитар, медбике) азық-түлік себеттерін үлестірсе, белгілі кәсіпкерлер бірігіп, қасиетті мерекеде ізгі амалдарын жалғастыруда. Жалпы, қазіргі уақытта Қордай ауданында 1 түйе, 22 бұқа (сиыр), 134 қой сойылып, әлеуметтік көмекке мұқтаж 700-ге жуық отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.