A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай ауданында 3 ауылдық округтің әкімі сайланды

335

22 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Алға, Ауқатты, Масанчи ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтіп, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарына сай, аудандық мәслихат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы өз кандидатураларын ұсынған азаматтардың арасынан аталмыш лауазымға лайықты үміткерлерді анықтады. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, Алға ауылдық округінің әкімі ретінде Берік Әбілдаев, Масанчи ауылдық округінің әкімі ретінде Рамазан Малиев, Ауқатты ауылдық округінің әкімі болып Бірлік Манкеев сайланды. Бүгін аудан әкімі Р.Дәулет аталған ауылдық округтерге арнайы барып, жаңа әкімдердің өмірбаянымен таныстырып, құттықтады. Тағайындалған ауыл әкімдерінің мемлекеттік қызметтегі біраз жылғы тәжірбиелерін ескеріп, ауылдық округте жұмысын одан әрі жетілдіріп, ауыл экономикасын дамытуға үлкен үлесін қосатындығына сенім білдірген Рүстем Рысбайұлы жаңа әкімдердің жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде жиынға қатысқан ауыл ақсақалдары да жаңа тағайындалған азаматтарға ыстық ықыласын білдіре келе, жергілікті жердің халқымен етене араласып, ауылға өз үлесін қосады деген сенімдеміз және біз де ағалық кеңесімізді беріп отырамыз деп сенім білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.