A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай ауданында 250 азамат індеттен айыққан

131

Бүгін Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет аудандағы коронавирустық инфекциясының жағдайы турасында әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде баспасөз брифингісін өткізді. Бринфингке аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Марат Асаров және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Аудан әкімі қазіргі таңда жүргізілген мониторингке сәйкес 2020 жылғы 30 шілдеге коронавирус инфекциясымен жалпы 356 науқас тіркелгенін айтты, ал 250 азамат инфекциялық стационардан толықтай емделіп шыққан. Қазіргі таңда провизорлық стационарда 73 адам ем қабылдап жатыр, науқастардың жағдайы орташа. Сонымен қатар, үй жағдайындағы карантинде 53 адам болса, 169 азамат карантиннен шығарылған. Тараз қаласына 53 адам ем алуға жіберілген. Өкінішке орай 6 өлім жағдай тіркелген.
Брифингте мәлім болғандай қазіргі кезде Қордай аудандық орталық ауруханасы жанындағы провизорлық бөлімшеде 120 төсек-жиындық орын, одан бөлек 50 орынды төсек дайындалған. Ауруханада медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, жеке қорғаныс құралдары мен дезинфекциялық құралдар толығымен бар. Арнайы Call-орталығы құрылған, 2-23-50 байланыс телефон номері арқылы хабарласуға болады.
Жалпы аталған жұмыстар шеңберінде 23 аудандық штаб отырысы өтсе, мониторингтік топ жұмысының аясында 58 санитарлық нормаларын сақтамаған бұзушылықтар анықталып, аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған. Нәтижесінде, «Үсен ұлы» базары, «Вива», «Шик О», «Халикова» шаштараздарына санитарлық талаптар сақталмағаны анықталып, 7 хаттама толтырылып, жалпысы 2109,9 мың теңгеге айыппұл салынған. Ал, 57 нысан жұмысын тоқтатқан.
Аудан басшысы осылармен қатар қазіргі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан кәсіпкерлері науқастарға аса қажетті медициналық аппараттарды алып бергені турасында айтып, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.