A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоғамға бейімделуге қол ұшын береді

137

«Сотталған», «істі болған» деген түсінік адам тағдырына мәңгілікке соғылған таңба секілді. Ғұмырдерегінде мұндай анықтамасы бар адамдардың өздері тұрмақ, туғандарына да мемлекеттік қызмет, құқық саласында еңбек етуге шектеу барын білеміз. Бірақ сотталған жан да адам баласы, оның да басқалар сияқты өмір сүруге, бақытты болуға қақы бар.
Десек те, бас бостандығынан айыру орындарынан босап келгендерге қоғам болып үрке қараушылықтан арыла алмай келеміз. Алайда, оларды өмірге қайта бейімдеп, толыққанды қоғам мүшесі атандыру бағытында нақты жұмыстар жасалуда. Мәселен, аталған бағытта Тараз қаласында «Феникс» сотталғандарды бейімдеу орталығы жұмыс істеп келеді. 2018 жылы ашылған үкіметтік емес мекеме бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік, оның ішінде психологиялық, медициналық көмек көрсетумен бірге жұмыспен қамтуға және білім алуға көмектеседі.
Жуырда аталған мекеменің басшысы Фархад Камардинов пен Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының бас маманы Мұратбек Әмреев Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті.
Басқосу барысында Фархад Файзұлы үй-жайсыз қалған сотталғандар бостандыққа шыққан соң аталған орталыққа жүгініп, көмек алуларына болатынын жеткізді. Сонымен қатар, жұмысқа орналасқанша бір реттік мемлекеттік көмектің берілетінін де айтып өтті. Жиын барысында жазасын өтеушілер сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.