A place where you need to follow for what happening in world cup

Құрылыс жұмыстары аудан әкімінің бақылауында

168

Биыл Жуалы ауданында жалпы құны 4,6 млрд.теңгеге 38 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 28 жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып, барлығы 15 ауылға ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы бағдарлама шеңберінде Нұрлыкент ауылында суару науалары орнатылуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында өз жұмысын бастаған мердігер «Жігер» ЖШС нысанды тамыз айының аяғында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы негізінде Қарасаз ауылдық округінде Ақбастау және Жұрымбай ауылдарына жаңадан ауыз су құбырлары тартылу үстінде. Ауыл тұрғындары көптен күткен ауыз су жүйесінің құрылысын «Байсын-А» ЖШС жүргізуде. Серіктестік басшыларының айтуынша, биылғы жылы 136 аулаға таза ауыз су жеткізілмек. Бұдан бөлек аудандағы білім саласындағы 5 жобаны жүзеге асыруға 284,2 млн. теңге бөлінген. Қоңыртөбе ауылында орта мектептің құрылысы және 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі – Б.Момышұлың ауылындағы No29 орта мектеп. Білім ордасы ғимаратының қасбеті жаңартылуда. Сонымен қатар, мектеп асханасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жаңғыртылып, санитарлық тораптары жергілікті бюджет есебінен жабдықталуда. Аудан әкімі Нарбай Ергебеков округтің орталығында болғанда осындағы N6 А.Пушкин атындағы орта мектептің оқу бөлмелерін аралап көріп, жылыту қазандығының жай-күйімен танысты. Жаңа оқу жылына дайындық барысына, мектеп ауласының абаттандырылуына оң бағасын берді.
Ауылдық округтің әкімшілігі тарапынан бұған дейін де ауылымызда бірқатар жұмыстар жасалып жатыр. Биыл міне, қазынадан қыруар қаржы бөлініп, ауыз су құбыры тартылып, әкім өзінің жұмыс алгоритмі барысында тексеріп шықты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.